Үкіметтің қаулысымен (516-санды, 29.09.2023 ж.) «Колледждер мен техникумдарда құрылыс, көлік, коммуналдық, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларындағы кәсіп (мамандық) бойынша білім алатын әйел-қыздардың толық мемлекеттік грант негізінде оқыту тәртібі туралы» ереже қабылданды.
Ережеге сәйкес, колледждер мен техникумдарға оқуға қабылданған әйелдерге қажетті мемлекеттік грант қаржылары республикалық бюджеттен бюджет қаражаттарын бөлуші ретінде жүйеде колледждер мен техникумдар бар тиісті министрліктер мен кеңселерге бөлінеді.
Колледж және техникумдарға тиісті бағыттар бойынша төлем-келісімшарт негізінде оқуға қабылданған әйелдер оқу жылының 10 октябріне дейін осы колледж немесе техникум директорының атына мемлекеттік грант негізінде оқу үшін өтініш береді.
Өтініштерді тиісті колледждер мен техникумдар тарапынан 3 жұмыс күні ішінде қарап, жинақталған жағдайда, өңірлердегі жоғары білім, ғылым және инновациялар басқармаларына ұсынылады.
Өңірлік бөлімшелер әр жылы 15 октябрьге дейін жинақталған мәліметтерді қарайды, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігіне жібереді.
Министрлік әр жылы 20 октябрьге дейін мемлекеттік грант негізінде оқуға түсуге өтініш берген әйелдердің тізімін өз жүйесіндегі колледждер мен техникумдары бар министрліктер мен кеңселерге ұсынады.
Министрліктер мен кеңселер осы тізім негізінде әйел-қыздардың мемлекеттік грант негізінде білім алуына қажетті қаржы бөлу туралы әр жылы 25 октябрьге дейін Экономика және Қаржы министрлігіне өтініш береді.
Экономика және қаржы министрлігі 5 жұмыс күні ішінде тиісті қаржыларды аталмыш министрліктер мен кеңселерге бөледі.
Колледждер мен техникумдардың директорлары 2023/2024 оқу жылынан бастап мемлекеттік грант негізінде білім алатын әйел-қыздар үшін Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржылардың мақсатты және тиімді жұмсалуына жауапты саналады.