Кездесу басында Бірлестік басшылығы шетелдік кәсіпкерді еліміздің былғары аяқ-киім және елтірі өнеркәсібі саласындағы заңдылыққа енгізілген соңғы өзгерістермен, инвесторларға жасалып жатқан жағдайлармен және қарастырылған жеңілдіктермен таныстырды. Өз кезегінде Ким Хюнхеюи мырза бүгінде Өзбекстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінде өсу динамикасы байқалып отырғанын, сондықтан кореялық компанияның елімізге инвестиция құюға мүдделі екенін айтты.
«Selen CO LTD» компаниясының басшысы «Навоий» еркін экономикалық аймағында «NAV SILIN» ЖШҚ БК жаңа кәсіпорнын құру туралы бастама көтерді. Жаңа жоба синтетикалық жіп шығаруға бағытталады. Жобаның құны 6 миллион долларды құрайды. Жылына 120 тонна өнім шығарады. Жаңа бірлескен кәсіпорын 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
«Узчармсаноат» бірлестігі Корей компаниясының бастамасын толық қолдап-қуаттады. Жуырда ынтымақтастық жасау бойынша іс жүзіндік және ұйымдастырушылық мәселелерде көмек беруге дайын екенін айтты. Кездесуде жаңа бірлескен кәсіпорынды құру және пайдалануға тапсыру бойынша ұйымдастырушылық мәселелер жан-жақты талқыланды.