Коронавирус енді жаңа белгілермен байқалуда

    Денсаулық 19 Iyul 2022 3651

    Қазірде тамақ және бас ауруы және мұрын бітелуі жаңа мутациялардың жетекші белгілері ретінде болатыны байқалуда.

    Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро мәлімдеді.

    Енді температураның көтерілуі немесе иіс, дәм сезу қабілетінің жоғалуы коронавирус инфекцияның негізгі белгілері емес.

    «Қазір SOVID-19 өте «ақылды» вирусқа айналуда. Сол себепті онда адам иммунитетіне «бас салу» ерекшелігі дамуда. Бұл аурулар санының көбеюіне қызмет етеді».

    Соған қарамастан, мамандар коронавирусқа қарсы вакциналар жаңа мутациялардың ауруларда оңай және асқынусыз өтуін қамтамасыз етеді деп санайды.