Қонақтарға Өзбекстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан реформалар, қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңды құжаттарды әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ заң жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу Ұлттық кеңесі тарапынан жүргізіп жатқан істер туралы ақпарат берілді.
Диалог барысында соңғы жылдары елімізде мемлекет және қоғам құрылысының барлық салаларында сыбайлас жемқорлық факторларын тоқтатуға бағытталған 90-ға жуық, соның ішінде тікелей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін 10-нан астам нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданғаны, сонымен қатар 10-нан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықсыз сала» жобалары, «комплаенс бақылау» жүйесі енгізілгені, «Жол карталары» мен бағдарламалары аясында бірқатар оңды жетістіктерге қол жеткізіліп жатқаны айтылды.
Кездесуде Өзбекстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі Латвиямен кең ауқымды диалогты дамытуға үлкен мән беретіні баса айтылды. Атап айтқанда, елдеріміз халықаралық ұйымдар аясында бір-бірін қолдап, екіжақты ынтымақтастықтың елеулі нәтижелеріне қол жеткізіп отырғаны мойындалды.
Шетел делегациясы тарапынан соңғы жылдары Өзбекстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша жүзеге асырылған ауқымды реформалар жоғары бағаланды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.
Кездесу соңында өзара ынтымақтастықты кеңейтуге келісілді.