Атап өтілгендей, Қылмыстық кодексі «сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар» деген жаңа терминдермен толықтырылып, оған сәйкес Кодекстің тиісті баптарында, бөлім және пункттерінде көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар деп табылуы белгіленуде, сондай-ақ бұл қылмыстар үшін жазаны күшейту көзделген.
Сондай-ақ, осы Заңмен Қылмыстық кодекстің тиісті баптарына енгізілген өзгерістер арқылы жымқыру немесе растрата жолымен талан-тараж жасау, алаяқтық, салықтар немесе басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару үшін үкім шығарылған, бірақ қылмыс салдарынан жеткізілген зиянды толық өтемеген адамдарға, сондай-ақ пара алу, пара беру, пара алу-беру кезінде делдалдық жасаған қылмыскерге жазада мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаны жеңілдету сияқты нормалар қолданылмайды.
Заңға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, азаматтар өзін-өзі басқару органдарының, беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың қызметкерлерін пара алу үшін өзіне қаратумен байланысты қылмыстар үшін бас ботсандығынан айыру жазасы тағайындау белгіленуде. Енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресуге және осы індет жасалған кезде жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталғанымен маңызды.
Сондай-ақ, сенаторлар енгізген түзетулер сыбайлас жемқорлық қылмыстарын нақты анықтауға және осы қылмыс түрлеріне қарсы жүйелі шараларды әзірлеуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандарға қатысты әділ жаза тағайындауға, сондай-ақ қылмыстың салдарынан жәбірленгендердің құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауға қызмет ететіні айтылды , деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.
Талқылау соңында Заңды сенаторлар мақұлдады.