Мемлекет Конституциясы мен халықты әлеуметтік қорғау стратегиясы аясында адамды қадірлеу кеңейіп, әлеуметтік қызметтер мұқтаж жандарға етене жақын жұмыс істеуде. Атап айтқанда, биыл наурыз айынан бастап Өзбекстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі күтім қызметі жолға қойылды. Мұндай жобалар жекеменшік әріптестік негізінде мемлекет тарапынан субсидия арқылы жүзеге асырылуда.

Кәсіпкер Саёра Қосимова ұйымдастырған «Фирдавс» орталығы солардың бірі. 36 орынға арналған бұл мекемеде арнайы білім беру және оңалту қызметтері көрсетіледі. Балалар күн бойы тоғыз сағаттық жеке оқыту-тренинг бағдарламаларына қамтылады. Сабақтарды білікті невропатолог, дефектолог, сурдолог, аудиолог, педагог және психологтар жүргізеді.

Бұл қызметті пайдаланып жүрген аналар Президентке перзенттеріне жасалған қамқорлығы үшін ризашылық білдірді. Олардың айтуынша, бұрын мұндай балалар көбіне үйде отырып, қоғамнан оқшауланып қалатын. Жаңа әлеуметтік қорғау жүйесі арқасында енді олар да «жарыққа» шықты: инклюзивті білімге, қызықты сабақтар мен жаттығуларға қатысып, өмірлік дағдыларды меңгеруде. Бұл мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар үшін үлкен демеу әрі жұбаныш.

Президент елімізде ешкім назардан тыс қалмайтынын, мұндай әлеуметтік жобалардың ауқымы кеңейтілетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы мұнда орналасқан «Faol hayotga qadam besh xizmat» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметімен де танысты.

Орталық биыл кәсіпкер Хосият Ортиқова өз қаржысы есебінен ашқан. Мұнда өзгелер күтіміне мұқтаж адамдар үшін заманауи қолайлылықтар, медициналық және оңалту қызметтері жолға қойылған. Орталық 16 орынға есептелген.

Мұнда медициналық мамандар күн сайын 8 сағаттық жеке бағдарлама негізінде сабақтар өткізеді. Олар адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге, функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға және қоғамға қайта бейімделуіне көмектеседі.

Маңыздысы, соңғы кезеңде жүргізілген ем-шаралар нәтиже бере бастады. Атап айтқанда, сегіз адамның өз-өзіне қызмет ету деңгейі жақсарды, бес адамның отбасы мүшелері жұмысқа орналасқан.

«Фаол ҳаётга қадам» бағдарламасы мен күндізгі күтім қызметі адамдарға салауатты өмірге оралуға, отбасыларға экономикалық әрі әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашуда. Бұл қызметтер тек науқастардың ғана емес, олардың отбасылары мен тұтастай қоғам өмірінде оң өзгерістерге себеп болуда.

Аталған саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасына республика бойынша 600-ге жуық кәсіпкер қосылған, олардың 46-сы Наманган облысында қызмет жүргізуде. «Фаол ҳаётга қадам» бағдарламасы арқылы елімізде өзге күтіміне мұқтаж 24 мың азамат, сондай-ақ 3 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала күндізгі күтім қызметімен қамтылған.