баннер
27 Apr 2025
14:27

    Кувейт компаниясы Ташкент облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асырады

    Өзбекстан елшілігінің қолдауымен Кувейттің “Gulf General Trading Co. Ltd.” компанияcының жұмысшы тобының Ташкент облысына бизнес-миссиясы ұйымдастырылды.

    Сапар барысында Кувейт компаниясының делегациясы Ташкент облысының әкімі Зоир Мирзаевпен келіссөздер жүргізді. Онда ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

    Кувейт тарапына Ташкент облысындағы шетелдік инвесторлар үшін жасалған жағдай, ұсынылып отырған жобалар және т.б. туралы толық ақпарат берілді.

    Кездесуде Ташкент облысында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға байланысты диагностикалық орталықтың құрылысы, сондай-ақ осы салада білікті кадрларды даярлайтын емдеу мекемесін құру, тұрғын үй, сауда, қызмет көрсету нысандарын құру жобаларын жүзеге асыру туралы пікір алмасылды.

    Келіссөздер соңында өзара ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен оған инвестиция тарту бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Мы в Телеграм
    Text to speech