Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде секундына 13-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы 17-22 градус жылы болады.
Елордамызда жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 20-22 градус жылы болады.
Таулы аймақтардың кейбір жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін. Жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде секундына 13-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы 7-12 градус жылы болады, деп хабарлайды Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.