Кездесуде шетелдік қонақтарға министрлік жүйесі, міндеттері мен қызметінің негізгі бағыттары бойынша, сондай-ақ құқықтық саладағы соңғы жылдары жүргізіліп жатқан реформалар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді.
Қонақтар Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларды ризалықпен құптайды және Латвия да осы реформаларға өз үлестерін қоспақшы екенін, атап айтқанда, тиімді басқару, заң үстемдігі, мемлекеттік қызметтерді дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, электронды үкімет пен ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру сияқты бағыттарда ынтымақтастық жасауды ұсынды.
Латвия тарапы осы салалар бойынша нақты жобаларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық донорлық ұйымдарының қаржылық-техникалық көмегін және грант қаржыларын жұмылдыруда көмектесуге дайын екенін айтты.
Кездесу барысында тараптар, сондай-ақ екі елдің әділет және құқық институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, өзбекстандық мамандарды Рига жоғары заң мектебі мен Латвия мемлекеттік әкімшілігі мектептерінде оқыту және әлеуетін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.