Телефон арқылы сөйлесу басында Мемлекет басшылары бір-бірін күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, екі ел халқына бейбітшілік, амандық және тұрақты даму тіледі.
Самарқандта өткен жоғары деңгейдегі кездесу екіжақты қарым-қатынасты сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеріп, нақты мазмұнмен байыта түсті деген пікір айтылды.
Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қабылданған бірлескен шешімдердің орындалу барысын қарастырды. «Жасыл» энергетика, қаржы, инфрақұрылым, көлік-логистика, құрылыс және басқа да салалардағы жобаларды ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.