Осы беделді көрме алаңында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі, «Узэлтексаноат» бірлестігі, «Сауданы дамыту компаниясы» АҚ және еліміз елшілігінің ынтымақтастығында Өзбекстан ұттық стенді ұйымдастырылды. Онда 15-тен астам ұлттық электротехника өнеркәсіп кәсіпорындары «Made in Uzbekistan» брендімен өнімдерін ұсынды.
Шара аясында алғаш рет ұсынылған Өзбекстан өнімдерінің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі шараға келген серіктестер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Көрме барысында өткізілген келіссөздер кезінде Дубай қаласында өзбек өнімдерінің шоу-рум мен қойманы құру, Аджман әмірлігінің еркін экономикалық аймағында өнімдерді өзара тиімді шарттарда өндіру және аймақтағы сатып алушыларға жеткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Дунё» АА.