Жергілікті билік органдары мен әкімдер кейбір өкілеттерінен айырылады

    Ел назарында 24 Yanvar 2023 3046

    Өзбекстан Республикасының Президенті 2023 жылдың 20 январында «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» УРҚ—815-санды Заңға қол қойды.

    Енгізілген өзгерістер жергілікті билік органдарының, әкімдердің, кеден органдарының, Экономика және қаржы министрлігінің өкілеттеріне және жауапкершілігі шектеулі қоғамды міндетті аудиттен өткізу талабына қатысты.

    Жергілікті билік органдарының төмендегі өкілеттері жойылады;

    медициналық көмек сапасының клиникалық және статистикалық стандарттарының сақталуын бақылау;

    йодталған тұздың және йодталған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ оларды сақтау шарттары үстінен мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    Әкімдер тұрғын үй иелері мен тұрғын үйді пайдаланушылардан коммуналдық қызметтер төлемдері мен міндетті жарналарды төлеу бойынша қарыздарды өндіріп алу үшін сотқа жүгіну өкілетінен айырылады.

    Сондай-ақ, активтердің баланстық құны БЕМ-нің 100 мың еселенген мөлшерінен көп болған ЖШҚ-лар үшін әр жылғы сыртқы аудиторлық тексеруден өту міндеттемесі жойылады.

    Алдағы уаіытта шет мемлекеттерде тіркелген және Өзбекстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланатын көлік құралдары иелерінің міндетті сақтандыру бойынша міндеттемелерін орындауы үстінен бақылауды кеден органдары қадағаламайды. Бұл өкілеттік мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігінің қызметінде сақталады.

    Министрлер Кабинетiнiң, Қаржы және экономика министрлiгiнiң аудиторлық қызметтi реттеу жөнiндегi кейбір өкiлеттерi беймемлекеттiк бейкоммерциялық ұйымдарға – аудиторлардың республикалық қоғамдық бiрлестiктерiне берiледi. Атап айтқанда, аудиторлар бірлестіктеріне:

    аудиторлар біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламасын бекіту;

    біліктілік емтиханын өткізу тәртібін белгілеу (Қаржы және экономика министрлігімен келіскен жағдайда);

    үміткерге біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе одан бас тарту;

    Сертификатты ресімдеу және қайта тіркеу, сертификат және оны тұпнұсқасын беру өкілеттері өткізіледі, деп хабарлайды «Norma».

    Құжат Заңдылық мәліметтері ұлттық базасында жарияланды және 2023 жылғы 21 январьдан күшіне енді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates