Мемлекеттік платформа: министрлік пен кеңселер сондай-ақ халықаралық серіктестермен «Өзбекстан-2030» стратегиясының атқарылу жағдайы талқыланды

    Бүгін миистрлік пен кеңселер сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың 80-ге жуық өкілдері «Мемлекеттік платформасының» үшінші жиналысына байланысты ұйымдастырылған дөңгелек үстел сұхбатына қатысты.

    Кездесу барысында қатысушылар су ресурстары, сумен қамтамасыз ету және санитариялық, көлік, қала мен ауылдық аумақтарды дамыту сияқты маңызды салаларды қамтитын үш жұмысшы топтың атқарып жатқан жұмыстары талқыланды.

    Су ресурстары, сумен қамтамасыз ету және санитария бойынша жұмысшы топтың су ресурстарын кешенді басқару қағидаларын енгізу нәтижелерін көрсетті, сондай-ақ елдің тұрғындарын таза және сапалы ауызсумен, санитариялық қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған алдағы жоспарлармен бөлісті.

    Көлік жөніндегі жұмысшы топ мемлекет бойынша жолаушыларға қауіпсіз және сапалы көлік қызметін көрсетуде қол жеткізілген нәтижелерді көрсетті. Басты назарды тиімді және экологиялық таза көлік түрлеріне көшуге аударылды. Сондай-ақ Өзбекстанның мемлекеттік ұйымдары мен халықаралық ұйымдардың көлік саласы мамандарының халықаралық стандарттарға жауап беретін инфрақұрылымды жаратуға бағытталған инвестициялары туралы ақпарат берді.

    Содан соң, қала және ауылды аймақтарды дамыту жөніндегі жұмысшы топтың жүзеге асырған соңғы реформалардың кейбірінің тұсаукесерін қткізді. Атап айтқанда, жаңа «Қала құру кодексінің» қабылдануы және қала сондай-ақ ауылдық елді мекендерді жоспарлауға қатысты бірқатар әзірленген құжаттар туралы айтылды.

    Өзбекстан Республикасының Президенті құзырындағы Стратегиялық реформалар агенттігі мен Экономика және қаржы министрлігі Мемлекеттік платформаның төрағасы ретінде шараны жүргізді. Мемлекеттік платформаның барлық негізгі мүдделі тараптарды бірлестіре отырып, “Стратегия-2030” мақсаттарына қол жеткізуге техникалық және қаржылық көмекті тиімді бөлуге көмектесіп келеді.

    Еуропа Одағы (ЕО) 2025 жылдың соңына дейін Мемлекеттік платформаға хатшылық ететін жетекші халықаралық серіктес саналады.

    Еуропа Одағының Өзбекстандағы елшісі Тойво Клаар мырза Үкімет пен даму бойынша серіктестер ортасында пікір алмасуының жандануы күтілген нәтижелерге дер кезінде қол жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.

    Шара соңында Мемлекеттік платформа қатысушылары «Стратегия-2030» үстем бағыттарын қолдап-қуаттайтын ауыл шаруашылығы, энергетикалық қауіпсіздік және заңның үстемдігі сияқты салалардағы 13 желілік жұмысшы топтың аясында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Стратегиялық реформалар агенттігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates