Атап айтқанда, соңғы айлардағы экономикалық белсенділік пен тұтыну сұранысының динамикалары, сондай-ақ базалық инфляцияның өсу үрдісі экономикада инфляциялық қысымның әлі де сақталғанын көрсетуде.
Бұл, өз кезегінде, жалпы инфляцияның май айындағы аздап төмендегеніне қарамай, инфляция болжамы траекториясынан жоғары болып қалыптасуына себеп болуда. Осы жағдайда инфляциялық үдерістерге энергия бағасының өсуі екіншілікті әсерін төмендету және жалпы инфляцияның тұрақты төмендеуі трендке өтуін қамтамасыз ету мақсатында негізгі мөлшерлеме ағымдағы дәрежеде қалдырылды.
Жыл басынан бері өсу трендте қалыптасып келген жалпы инфляция дәрежесі май айында өткен жылғы энергия тарифтері асырылуының біріншілікті әсерінің шығып кетуі есебіне төмендеп, жылдық 8,7 пайызға тең болды. Тұрғындар мен кәсіпкерлердің инфляциялық күтілімдері жалпы инфляциядан жоғары дәрежеде қалыптасуда.
Қызметтер инфляциясы жылдамдауының есебінен базалық инфляцияның өсу динамикасы жалғасып, май айында жылдық 8,5 пайызға жетті. Экономикадағы жалпы сұраныс жоғарылық жағдайында ағымдағы энергия бағалары көтерілуінің екіншілікті әсерлері туындауы инфляциялық қысымдардың ұзақ уақыт жалғасуын меңзейді.
Ағымдағы жылдың январь-май айларында экономикадағы жоғары белсенділік жалпы сұранысты қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болды. Бұл сауда және ақшалай қызметтерінен түсетін түсімдердің және трансшекаралық ақша аударымдарының көлемінің артуы, сондай-ақ банкаралық транзакциялардың көлемі мен жылжымайтын мүлік саудасы келісімдерінің саны өсуінен көруге болады.
Сондай-ақ экономикаға несие бөлу қарқынының жоғары деңгейде сақталып қағаны және бюджет қаражаттарының өсуі де экономикалық белсенділікті ынталандыруға үлес қосуда. Бұл факторлар болашақта жалпы сұранысты қолдап-қуаттап, экономикадағы баға деңгейіне қысымды күшейтуі мүмкін.
Көптеген елдерде жаһандық экономикадағы белгісіздіктер мен халықаралық саудадағы шиеленістер нәтижесінде көп елдерде ақшалай-несие жағдайлары ұзақ уақыт бойы қатаң сақталады деп күтілуде. Сонымен қатар, соңғы айлардағы кейбір азық-түлік тауарларының әлемдік бағасының өсуі алдағы уақытта ішкі бағаларға қосымша қысым жасауы мүмкін.
Дәстүрлі экспорттық тауарлары биржа бағаларының жоғары дәрежеде сақталып қалуы және серіктес мемлекеттерде айырбастау курсы нығаюы экспорт түсімдері және трансшекаралық ақша аударымдарының өсуіне қолдау көрсетуде.
Бұл өз кезегінде, елге шетелдік инвестициялар ағынының артуымен бірқатар ішкі валюта базарында ұсыныстың тұрақты қалыптасуына қызмет етіп, алдағы айларда айырбастау курсы инфляциялық қысымның төмендеуіне үлес қосады.
Ақша-несие жағдайларының ағымдағы деңгейін қатаң ұстап тұру алдағы уақытта несиенің өсу қарқынының қалыпты болуын және болашақта депозиттердің жоғары өсу қарқынының сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл жалпы сұранысты теңестіруге және монетар факторлардың инфляцияға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып және орта мерзімді алдағы бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Орталық банк басқаруы негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз, 14 пайыз дәрежесінде қалдыру туралы қаулы қабылдады.
Орталық банк орта мерзімді болашақта инфляцияның 5 пайыздық таргет дәрежесіне дейін төендетуге қол жеткізу үшін ақша-несие жағдайларының жеткілікті дәрежеде тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Экономикадағы жалпы сұраныс пен екіншілікті әсерлердің бағаларға өсу қысымы алдағы айларда күтілгеннен күштірек болады деген белгілер мен негіздер болған жағдайда ақша-несие шарттарының тұрақтылық мәселесі қайта қаралуы мүмкін.
Негізгі мөлшерлемені қарау бойынша Орталық банк басқаруының келесі жиналысы 2025 жылдың 24 июль күніне жоспарланған.