Анықталғандай, кейбір жағдайларда несиелер бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін банктер қолданатын санкциялар мөлшері кредиторлардың нақты шығындарына сәйкес келмейді.

Атап айтқанда:

төлем мерзімдері бұзылған кезде мерзімі өтіп кеткен төлем сомасына есептелетін пайыздар несие келісімшартында белгіленген жылдық мөлшерлемемен салыстырғанда 1,5–3 есе, ал кейбір жағдайларда жылдық 150–180 пайызға дейін арттырылуда. Бұл ретте аталған айыппұлдық пайыздар іс жүзінде тәуелсіз табыс көзіне айналуда;

несие бойынша пайыздарды төлеу кешіктірілген жағдайда жылдық мөлшері несиенің бастапқы құнынан бірнеше есе асып кететін күн сайынғы өсімпұл (оны есептеудің белгіленген жоғарғы шегі болмаған кезде) есептеледі;

әрбір кешіктірілген төлем жағдай үшін кредитордың нақты шығындарымен байланысты емес қосымша бір реттік айыппұлдар қолданылуда.

Сонымен қатар, арттырылған пайыздық мөлшерлеме, өсімпұл және бір реттік айыппұл шараларын бір мезгілде қолдану жағдайлары да анықталған.

Нәтижесінде, төлемдерді кешіктірумен байланысты қосымша шығындардың жалпы сомасы несие немесе көрсетілген қызметтің бастапқы құнынан бірнеше есе асып кетеді және қарыз алушы үшін нақты қаржылық жүктеме соншалықты артқандықтан, міндеттемелерді орындау экономикалық тұрғыдан қиындайды.

Мұндай тәжірибелердің нәтижесінде кредитор үшін қарыздың кешіктірілуіне жол беру немесе оны уақтылы төлеуді ынталандырмау экономикалық тұрғыдан тиімді болатын модель қалыптасады.

Осындай сипаттағы несие келісімшарттарындағы талаптар объективті түрде төлем тәртібін қамтамасыз етуге көмектеспейді, керісінше, кешіктіру фактісінен табыс табу үшін жағдай жасайды және несиелеу шарттарын бұрмалап көрсетеді. Бұл өз кезегінде ашықтық қағидатының бұзылу қаупін туындатады, яғни қарыз алушы несие алу туралы шешім қабылдау кезеңінде міндеттемелерді бұзудың нақты қаржылық салдарын толық бағалай алмайды.

Мұндай тәжірибелер тараптардың мүдделері теңгерімін бұзады, әлеуметтік тәуекелдердің артуына, азаматтардың шағымдарының көбеюіне және банк жүйесіне деген сенімнің төмендеуіне алып келеді.

Орталық банктің атап өтуінше, төлем міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін қолданылатын санкциялар кредитор үшін табыс табудың экономикалық жағынан тиімді механизміне айналмай, керісінше, өтемақылық ерекшелігіне ие болуы және қарыз алушының жауапкршілік шаралары тәуелсіз пайда көзіне айналатын келісімшарт шарттары қалыптастырылмауы қажет.

Осындай жағдайлардың орын алуы қарыз алушылар үшін төлемдерді кешіктіру салдарының ашықтығын қамтамасыз ету және мұндай құқық бұзушылықтардан негізсіз пайда көруге жол бермеу мақсатында несие шарттары бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін қаржылық жауапкершілік мөлшерлерін нақты белгілеу жөніндегі заңнама талаптарын қайта қараудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.