Есеп беру кезінде айтылғандай, Орталық банк 2021 жылы негізгі назар ақша-несие саясатының инструменттерінің инфляцияны аралық болжамын көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсаттарына бағыттау, банк жүйесіндегі тәуекелдерді алдын ала анықтау және оларды жұмсарту бойынша шараларды қабылдау арқылы елдегі макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса назар аударады.
Атап айтқанда, инфляция дәрежесінің жыл соңына дейін 10 пайыздық болжам көрсеткішіне қол жеткізу үшін Орталық банктің негізгі ставкасы есеп беру жыл барысында жылдық 14 пайыз дәрежесінде өзгеріссіз сақтап қалынған.
Ақша-несие саласындағы іс-шаралар инфляция дәрежесінің 2020 жылдағы 11,1 пайыздан 10 пайызға дейін төмендеуіне әкелді.
Халық пен кәсiпкерлiк субъектілерін қаржылай қолдап-қуаттауға 166,7 триллион сум немесе 2020 жылмен салыстырғанда 1,3 есе көп бөлiнгенi атап өтiлді.
Соңғы төрт жылда отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында 24,3 триллион сумнан астам жеңілдетілген несие бөлініп, олар арқылы 983 мыңнан астам отбасылық кәсіпкерлік жолға қойылды. Бұл бағдарламалар бойынша елімізде орта есеппен әр 1000 жанұяның 110-ы өз кәсіпкерлік қызметін ашқан.
Бұл ретте сенаторлар баға тұрақтылығын қамтамасыз етуде, сондай-ақ банк жүйесінің тұрақтылығын және төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуде ақша-несие саясатының инструменттерін белсенді пайдалану мен жетілдіруде кейбір кемшіліктерді атап өтті.
Несие портфелі құрамындағы өзекті несиелер банктердің қаржылық тұрақтылығына деген кері әсерін болдырмау үшін банктер мен үкімет тарапынан іс-шаралар қабылданды. Дегенмен, проблемалық несиелердің үлесі 2021 жылдың соңына қарай 5,2%-ға дейін өсті.
Талдау көрсеткендей, Орталық банктің коммерциялық банктер қызметін бақылау мен реттеуді күшейту қажет екенін көрсетуде.
Коммерциялық банктер мен олардың аумақтық құрылымдарының ашық және жариялылық жұмысын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша пәрменді шараларды жүзеге асыру кешіктіріліп отыр.
Сенат мүшелері банктердің несие беру үдерісінде кейбір сыбайлас жемқорлық фактілерінің болуы әлеуметтік-экономикалық реформаларға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті.
Банк жүйесіндегі қаражатты жымқыру, банк қызметтерін көрсету, несиелерді бөлудегі мансабын пайдалану, атап айтқанда, халықты қолдап-қуаттау үшін түрлі әлеуметтік жобаларға бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері бар.
Талқылау соңында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің басым бөлігінде 2021 жылы жеңілдетілген несие алу немесе несие бөлу кезінде тұрғындар мен кәсіпкерлердің кездесетін мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.
Аталған мәселе бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.