Сонымен қатар, Президенттер мынадай маңызды құжаттарды мақұлдады:

– Қырғыз Республикасының 2027–2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшелігіне кандидатурасын қолдау мәселесі бойынша БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған үндеу;

– Әзербайжан Республикасының Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне толық құқықты мүше ретінде қатысуы туралы қаулы;

– Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тұжырымдамасы;

– Орталық Азиядағы қауіпсіздікке төнетін қатерлер каталогы және олардың алдын алу жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.