Орталық Азия елдерінде газды терең өңдеу және газ химиясы саласындағы инновациялық шешімдерді қолдану мәселелері талқыланды

    Өнеркәсіп 10 May 2022 1090

    Ұлыбритандық «Globuc» компаниясы «Орталық Азия мемлекеттерінде газды терең өңдеу және газ химиясы саласындағы инновациялық шешімдер мен технологияларды қолдану» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өткізді. Оған «Узбекнефтгаз» АҚ-ның мамандары да қатысты.

    Конференцияның мақсаты – дүние жүзіндегі мұнай мен газды терең өңдеу саласындағы реформаларды, инновацияларды және инновациялық мәселелерді талқылау.

    Конференцияның күн тәртібінде әлемдегі геосаяси жағдай мен белгісіздік және оның Орталық Азия нарығына әсері, төмен және орта тоннажды химиялық өндіріс жобаларының болашақтары, мұнай және басқа да шикізат логистикасы қарастырылды.

    Сондай-ақ Орталық Азия елдеріне инвестиция тарту және жобаларды қаржыландыру, саланы трансформациялау және көмірсіздендіру және үдерістерді цифрландыру мәселелері талқыланды.

    «Globuc» компаниясының «IHS» еншілес ұйымының сарапшысы қатысушыларға жер шарындағы қазіргі геосаяси жағдайға және оның аймақтағы мұнай мен газ бағасына ықпалына байланысты мұнай-газ саласындағы белгісіздік туралы талдалданған ақпаратты берді.

    Бұл өз кезегінде бүкіл әлем бойынша логистикалық желілерді түбегейлі қайта бағдарлауға, сайып келгенде, шикізат пен өнім бағасының өсуіне пропорционалды әсер ететіні атап өтілді.

    «Узбекнефтгаз» АҚ дайындаған орташа және төмен тонналық газ-химиялық инвестициялық жобалар Орталық Азия аймағындағы саланың дамуына және импортты алмастыратын жоғары қосылған құндағы инженерлік және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге ықпал етеді.

    Сала мамандары Өзбекстанда инновациялық технологияларды енгізу арқылы цифрландыру, иіс газының атмосфераға таралуын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

    «Ўзбекнефтгаз» Орталық Азия аймағында заманауи технологияларды тарту және жаңа қуаттарды іске қосу тәжірибесі ерекше атап өтілді. Сондықтан мамандар 2022 жылы Ташкентте «Орталық Азия мұнай химиясы және мұнай өңдеу-2022» атты тоғызыншы халықаралық конференцияны өткізуді ұсынды.

    Осылайша, үстіміздегі жылдың күзінде Өзбекстанда мұнай-газ технологияларының лицензиарларын, сала мамандарын, жаңа заманауи инновациялық әзірлемелерді ұсынатын компанияларды жинау жоспарлануда.

    Бұл өз кезегінде елімізде жаңа жобаларды жүзеге асыруға және инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға инвесторларды тартудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады, деп хабарлады «Ўзбекнефтгаз» баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates