Қазақстанның «Хабар-24» телеарнасында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы туристік дәліздің ашылуы туралы «Түркі әлемі саяхатшыларға қолайлы болады» атты хабар көрсетілді. Қырғызстаннан басталып, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжанды қамтитын, сондай-ақ Түркияда аяқталатын арнайы туристік дәліз жасалды.

Саяхатшыларға бонус ретінде бұл бағытта визасыз режим орнатылады. Бұл бағыттың жобасы қазір үйлестірілуде және бірнеше жылдан кейін іске қосылады.Саяхатшылар осы маршрутқа кіретін ең танымал көрікті жерлермен таныса алады. Мысалы, Регистан Өзбекстанның бірегей рәмізі және саяхатшылар үшін негізгі бағыттардың бірі.

 Самарқанттың көне алаңы түркі тарихына қатысты басқа да нысандары сияқты туристік дәліз болып табылады. Өткен жылғы көктемде Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылды. Ежелгі қалада зиярат етуге болатын 50-ден астам  киелі орындар бар, XII ғасырдағы түркі халықтарының ұлы сопы ақыны және ойшылы Ахмед Яссауи кесенесі бар.

Айта кету керек, 2700 жылдық тарихы бар қала – Хиуа 2020 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланған болатын. Туристік дәліз Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарының бойында орналасқан нысандармен байланыстырылады. Бағыт Қырғызстаннан басталып, Қазақстан арқылы Түркістанға, одан Самарқант пен Бұхара арқылы Түрікменстанға, Әзербайжанға, Түркияға жетеді. Дәлізді құру шекарадан өтуді жеңілдетеді, өйткені саяхатшылар үшін визасыз режим енгізіледі. “Өзбекстан түркі мемлектетерінің мақтауға лайықты жерлерін қамтитын жобаны жүзеге асыруды ұсынған.

Бұл салада біздің елдеріміздің әлеуеті зор. Мұнда ислам діні кең тараған. Бұл туризмнің жаңа түрі болады», - дейді Түрік мемлекеттері ұйымының баспасөз хатшысының орынбасары Мирзохид Азимов. Түркі тілдес мемлекеттер кеңесіне мүше елдердің тиісті кеңселері туристік дәлізінің жобасы бойынша жұмыс жүргізуде. Соңғы жиналыс  2021 жылғы ноябрь айында Самарқантта өткен, келесі кездесу 2022 жылы Бакуде өтеді.