Орталық және Батыс Азия елдері арасында климаттың өзгеруі бойынша ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды

    Ағымдағы жылдың 14 ноябрь күні COP 29 шеңберінде Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қоршаған орта, экология және табиғи ресурстар министрлерінің кездесуі өтті.

    Кездесуде Климаттың өзгеруі, мұздықтар және трансшекаралық қатынастар бойынша Орталық және Батыс Азия ынтымақтастығы туралы Декларацияға қол қойылды.

    Сондай-ақ кездесу барысында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Пәкістанның (бұл жерде аймақ мағынасында) климаттың нашарлығына, соның ішінде мұздықтардың еруі, су тапшылығы, шөлейттену және ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне әкеліп жатқаны айтылды. Мұздықтар ауыл шаруашылығының, гидроэнергетиканың, ауыз сумен қамтамасыз ету және туризмге болған ұлттық талапты қолдап-қуаттайтын маңызды трансшекаралық су ресурстарының көзі екені айтылды.

    Климаттың өзгеруімен және мұздықтардың еруімен күресу осы проблемалардың өзара байланыстылығы себепті кешенді, көп тармақты жанасуды талап ететінін атап өткен жөн. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін су басқаруды, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды, апаттар қаупін азайтуды, экожүйеге негізделген шешімдерді және әлеуметтік секторды жақсартуды өзінде қамтитын кешенді жанасу қажет етеді.

    Кездесуде министрлер тарапынан Ұлттық бейімделу жоспары мен Ұлттық көлемде белгіленген міндеттемелерді орындаған түрде климаттыұ проблемаларды жоюда аймақтық климатты қаржыландыруға мұқтаж екендігі айтылды. Жыл сайынбұл мақсатқа 30 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржы жұмылдырылуы тиіс екені, елдердің климаттық қаржыландырудан пайдалану мүмкіндіктері басқа аймақтарға қарағанда тиімді болмағаны айтылды.

    Сондай-ақ 2025 жылдан 2031 жылға дейін 7 жыл ішінде жалпы 3,5 миллиард долларлық қаржыландыруды тартуды көздейтін «Мұздықтардан фермер шаруашылықтарға» (Г2Ф) аймақтық бағдарламасының маңызды рөліне де назар аударылған. Бұл бағдарлама мұздықтардың еруі және климаттың өзгеруінің басқа әсерлерін азайту бойынша мемлекеттерді қолдап-қуаттауға инвестицияларды ұсынады. Бұл оларға климатқа негізделген жоспарлау және қаржыландыру, тұрақты жер мен су басқаруы тәжірибесін қабылдау, ауыл шаруашылығында құн тізбектерін нығайту, климатқа төзімді инфрақұрылым мен әлеуметтік қорғау шаралары арқылы жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, бағдарлама су мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда тармақтараралық және трансшекаралық диалогқа көмек береді.

    Декларацияда тараптардың БҰҰ Бас Ассамблеясының 2025 жылды «Халықаралық мұздықтарды қорғау жылы» деп белгілеу жөніндегі резолюциясына адалдығы және білім мен ақпарат алмасуды, зерттеулерді, мониторингті және ерте ескерту жүйелері, стратегиялар мен практикаларды жүзеге асыру, трансформациялық ынтымақтастықты дамыту және әлеуетін арттыру жөнінде ынтымақтастықты нығайту айтылған.

    Бұған қоса, даму бойынша серіктестер мен донорлар қаржыландыру көмегінен пайдалануды жеделдетуге, мұздықтарды сақтау және Орталық және Батыс Азия үшін климатқа сай шараларды тез арада жүзеге асыруға шақырады.