Онда «Mastersard» компаниясының Өзбекстан Республикасындағы офисінің басшысы Денис Филипов таныстырылды.
Кездесуде компанияның еліміздегі даму болашағы мен жүзеге асырылып жатқан біріккен зерттеу жобасының алғашқы нәтижелері талқыланды.
Бұл зерттеудің бірінші кезеңінде еліміздегі ақшасыз төлемдердің үлесін арттыруға кедергі келтіретін факторларды жою мақсатында «Жол картасы» жобасы әзірленді. Кездесуде тараптар аталмыш құжатты жүзеге асыруға байланысты ұйымдастыру мәселелерін де келісіп алды, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.