ТМД Парламентаралық Ассамблея парламентаризмді дамытудағы маңызды құрылым

    Үстіміздегі жылдың 27 сентябрьде Олий Мажлис Сенатында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің қаулысымен аталмыш ұйымының құрылғанының 30 жылдығына орай марапатталған Сенат мүшелері, Заң шығару палатасының депутаттарына, сондай-ақ министрліктер мен кеңселердің өкілдеріне мерейтойлық медальдар мен мерейтойлық төс белгілерді тапсыру рәсімі өтті.

    Оған Олий Мажлис Сенатының мүшелері, Заң шығару палатасының депутаттары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий, министрліктер мен кеңселердің өкілдері қатысты.

    Шарада Сенат Төрағасы Танзила Нарбаева Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы соңғы 30 жыл ішінде өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау және қаулы қабылдау үшін аса маңызды алаң болып қызмет еткенін, Ассамблея Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында демократиялық үдерістер мен парламентаризмді сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамытуға лайықты үлес қосып отырғанын атап өтті.

    Мәлімет үшін айта кетейік, 1992 жылы 27 мартта Алматы қаласындағы қатысушы мемлекеттер парламенттерінің басшылары – құрылтайшылар тарапынан қол қойған келісімге сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеяға негіз қаланған. 1995 жылдан бастап мемлекетаралық тәуелсіз ұйым мәртебесіне ие.

    ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, ең алдымен, Достастыққа мүше елдер түрлі саладағы заң шығару негізін одан әрі жетілдірудегі, әлеуметтік саясат, адам құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету, гуманитар және мәдени ынтымақтастық мәселелерді шешуде өзара келісілген жанасуларды жасауда ерекше орын иелейді.

    Өзбекстан парламентінің мүшелері ТМД Парламентаралық Ассамблеясының түрлі мәселелер бойынша тұрақты комиссияларының мүшелері ретінде табысты жұмыс істеуде, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі.

    ТМД ПА Кеңесінің келесі жиналысы ағымдағы жылдың октябрь айында Самарқантта өтетінін естеріңізге саламыз.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates