Еңбек қатынастары мен кәсіподақ ұйымдары бағытындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 21сентябрінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы – Адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссиясының төрайымы Танзила Нарбаева елімізге Орталық Азия елдері кәсіподақ ұйымыдары Кеңесінің кезектегі жиналысына қатысу үшін келген Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық кәсіподақ ұйымдары конференциясының өкілдерімен, Орталық Азия елдерінің және Монғолия кәсіподақ ұйымы басшыларымен кездесті.

    Сұхбат барысында балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күресте, лайықты еңбек қағидаттарын жүзеге асыруда халықаралық деңгейде мойындалған Өзбекстан тәжірибесі ерекше атап өтілді.

    Сондай-ақ балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбектің алдын алуда азаматтық қоғам институттарымен, кәсіподақ ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен тиімді ынтымақтастық жүргізіліп жатқаны тілге тиек етілді.

    Осы орайда Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың орны ерекше екені, соңғы жылдары балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес, лайықты еңбек жағдайын жақсарту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқаны айтылды.

    Сондай-ақ тараптар еңбек қатынастарын жетілдіруде аумақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, осы үдерістерде кәсіподақтардың қызметін нығайту мәселелерін талқылады.

    Сонымен қатар, Өзбекстанның бастамасымен 2021 жылы құрылған Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің қызметі ерекше атап өтілді.

    Атап өтілгендей, Кеңестің өткен кезеңдегі қызметі барысында бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру арқылы еңбек қатынастарын жетілдеру бойынша аумақтық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты.

    Кездесу соңында еңбек қатынастары бағытындағы ынтымақтастықтағы жобаларды жандандыруға келісілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates