Республикалық вирусология ғылыми-зерттеу институты клиникасының бас дәрігері Мухайё Асилова Менингиттің қандай ауру екенін және оның шығу себептері туралы өз ойымен бөлісті.

— Менингит – өте  жұқпалы ауру саналады, бас пен  арқа мидың қабынуымен және жалпы интоксикация белгілерімен жүретін өте жұқпалы ауру», — дейді маман. — Дене қызуының жоғарылауы, бас миының ісінуі, бас сүйегінің ішіндегі қысымның жоғарылауы байқалады, ми жұлын сұйықтығы өзгереді. Көп жағдайда ауруды вирус, кейде бактериялар, саңырауқұлақтар немесе қарапайым микроағзалар да тудырады.

Тіпті бактериялар мен вирустар бірге ауру тудыруы мүмкін. Менингит өте тез дамиды. Дене қызуы кенет көтерілген кезде науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, бұл жағдай өліммен аяқталады.

Бұл ауру негізінен температураның өзгеруінен, тамақ рационындағы шектеулер және витаминдердің жетіспеушілігінен де туындайды. Сонымен қатар иммунитеттің төмендігі, пневмония, фарингит, отит, тұмау, туберкулез, мерез, СПИД, бауыр церрозы, ауыр стресс, невроздар, мидың шайқалуы, суық тию, антибиотиктерді ретсіз қабылдау және  қатаң диета себеп болуы мүмкін.

Аурудың қоздырғышы адамнан адамға жұққандықтан, бұл инфекциямен тек адамдар ауырады. Оның көзі инфекция тасымалдаушылар болып табылады. Бұл ауру жыл бойы байқалуы мүмкін, бірақ бұл маусымдық (күзгі-қысқы және көктемгі) ауру десек дұрыс болады.

Бұл вирус сыртқы ортаға төзімді және адам ағзасынан тыс 30 минуттан кейін өледі. Микроб мұрын, көмей, арқа ми сұйықтығы, қан және теріде көбейеді. Сондықтан онымен ауыратын науқас инфекцияның көзі болып табылады. Менингит кез келген жаста болуы мүмкін.

Дегенмен, соңғы жылдардағы талдауға қарағанда, ауру 70-80 пайыз жағдайда 14 жасқа дейінгі балаларда байқалады. Әсіресе бір жасар ұл-қыздарда ауыр өтеді. Өйткені олардың иммундық жүйесі дұрыс қалыптаспаған.

Ауруға шалдыққан адамның дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріледі. Науқас бас ауруы, бас айналу, тамақ ашуы, жұтынғандағы ауырсыну, мұрын біту, жүрек айну, құсу, есту қабілетінің бұзылуына шағымданады. Сонымен қатар, әлсіздік, көмейдің артқы қабырғасының ісінуі, қалшылдау және сүдіргі байқалады.

Ауыр жағдайларда есінен айырылу, балаларда сандырақтау, сирек жағдайларда галлюцинациялар болуы мүмкін. Барлық клиникалық белгілер 1-2 күн ішінде күшейеді. Бірінші күннің соңында, екінші күннің басында теріде бөртпелер пайда бола бастайды. Олар терінің барлық жүзінде, әсіресе аяқтарда бір мезгілде пайда болады. Кейде ол саусақтардың ұштарында, өкшелерде және құлақтарда дамуы мүмкін.

Бұл жағдайда сіз дереу дәрігермен кеңесуіңіз қажет. Себебі, мұндай жағдайда дертке шалдыққан адам үйінде емес, жұқпалы аурулар ауруханасында медициналық қызметкерлердің бақылауымен емделу керек. Сонымен қатар, науқастың бөлмесі дезинфекцияланып, оның туыстары маманның бақылауында болуы керек.

Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.