Қартаю үдерісін баяулату үшін қандай тамақтану қажет?

    Тамақтану рационын жасауда мұқият назар аудара отырып, қартаюды және оған байланысты жағымсыз салдарларды, мысалы, әжімдерді айтарлықтай кешіктіруге болады. Өнімдерді таңдап қана қоймай, оларды қалай жеуге болатынын білу маңызды.

    Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет берді.

    Табиғи және «таза» өнімдерді таңдаңыз. Ең алдымен, өндіріс үдерісінде дәрумендер мен қоректік заттардың көп бөлігі жойылған, бірақ токсиндер мен жасырын шекермен толтырылған қайта өңделген тағамдардан аулақ болыңыз. Жартылай дайын өнімдердің орнына мал, балық, құс етін, көкөністерді, жемістерді және жаңғақтарды сатып алыңыз.

    Тағамды барынша шайнап, баяу, аз жеңіз. Калорияны шектеу өмірді ұзартатыны ғылыми дәлелденген. Баяу тамақтану қоректік заттардың жақсы сіңуіне және жақсы ас қорытуына ықпал етеді, сонымен қатар иммунитетті қорғауда өте маңызды болған ішек флорасының теңе-теңдігін де қамтамасыз етеді.

    Жемістер мен көкөністер дұрыс тамақтанудың негізі болып табылады. Олар біздің денемізді қартаюдың кейбір әсерлерімен күресетін пробиотиктер мен антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. Көптеген адамдар жемістер мен көкөністердің пайдасын жақсы білгенімен, әдетте дастарқанымызда бұл жемістер жеткіліксіз. Олардың орнында біздің дастарқанымызда ет немесе қайта өңделген өнімдер көбірек.

    Рационыңызда жасыл және дәмдеуіштерді де қосыңыз. Хош иісті дәмдеуіштер антиоксидант, ас қорыту, дезинфекциялау, гликацияға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттерге ие және басқа да артықшылықтары бар. Әсіресе, куркума, даршын, райхан, зімбір, сарымсақ, розмарин, кашнич, кориандр, кардамон, зира және қыша әсіресе пайдалы. Олар сіздің мәзіріңізді дәмді етіп қана қоймайды, сонымен қатар сізді жас болуыңызға көмектеседі.

    Кара мал, балық және құс етін аз жеңіз, бірақ сапалы пайдаланыңыз. Денсаулық пен сергектік үшін дене салмағының килограммына 0,8-1 грамм ғана жануар ақуызы қажет. Әдетте бұл күніне бір рет сиыр, балық немесе құс етін жеуді білдіреді. Ең бастысы, құрамында гормондар мен антибиотиктер жоқ сапалы өнімдерді табу. Өсімдік өнімдері (көкөністер, дәнді дақылдар, жаңғақтар) қартаюға қарсы диетаның негізгі бөлігін құрайтыны маңызды.

    Жас көріну және өзін жігерлі сезіну үшін диетаны тең ұстау ғана емес, сонымен қатар ұйқы режимін реттеу, сондай-ақ тұрақты физиологиялық белсенділікті де әдетке айналдыру қажет. Әйтпесе, ешқандай «жасартатын алма» жұмыс істемейді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates