Қазіргі таңда Өзбекстан медицинасында ауқымды трансформация үдерістері жалғасып жатыр. Президент бұл жөнінде денсаулық сақтау жүйесінің жауаптыларының алдына тиісті міндеттерді жүктеген.
Әсіресе, халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу – ең маңызды талаптардың бірі. Ол үшін ең алдымен, халықаралық тәжірибені терең зерттеу мен іс жүзіне тиімді қолдану талап етілуде.
Осы қажеттілікті негізге ала отырып, Министрлер Кабинетінің тиісті қаулысына орай, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан түркиялық мамандар тобы жұмылдырылды.
Қазір шетелдік сарапшылар еліміздің өкілдерімен бірлесе отырып, барлық деңгейдегі медициналық мекемелерде зерттеулер жүргізуде. Осы мақсатта құрылған жұмысшы топтар бекітілген жоспар бойынша өңірлерді аралауда.
Түркиялық сарапшылары жеті бағыт бойынша жұмыс істеуде - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және жүйені цифрландыру, ауруханалардағы медициналық қызметтердің тиімділігін арттыру, медициналық қызметтерді жоспарлау, фармацевтиканы дамыту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі, медициналық техниканың тиімділігін арттыру, шұғыл және жедел жәрдемді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Түркиядан шақырылған сарапшылардың саны – жетеу. Олар жоғарыда аталған жеті бағыт бойынша үлкен халықаралық тәжірибе мен біліктілігі бар сарапшылар. Олардың әрқайсысы тиісті салаға жауапты етіп тағайындалған.
Атап айтқанда, топ жетекшісі Хасан Чагил 1986 жылы Стамбұл университетін бітірген. 2003-2013 жылдары Түрия медицинасын трансформациялауда тікелей атсалысып, негізгі бағыттарды басқарды. Соның нәтижесінде аз ғана уақыт ішінде мемлекеттің медицинасы 2000 жылдардың басындағы жағдайы қиын саланы дамыған жүйеге айналдырды.
Сонымен қатар, бұл маман халықаралық дәрежедегі сарапшылық қызметін 2016 жылдан бастап нығайтқан. Азия мен Еуропаның бірқатар Денсаулық сақтау министрліктерінде медицинаның бірқатар бағыттары бойынша кеңес беру қызметін жалғастырған.
Қазіргі уақытта доктор Хасан Чагил Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесін трансформациялауға көмектесу мақсатында медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағыты бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұл ретте, түркиялық сарапшылар қатарында медицина саласында үлкен ғылыми әлеуеті мен практикалық тәжірибесі бар Мехмет Угурлу, Талган Кючюк, Мухаммет Ернек, Мехмет Эрсой, Хасан Багджи және Мехмут Авджи де бар.
Қазір олар жер-жерде болып, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін жан-жақты зерттеп, оны одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын беруде.
Алдағы уақытта аталған талдаулар, ұсыныстар мен ұсынымдар қорытындыланып, денсаулық сақтау жүйесін кезең-кезеңімен реформалаудың қысқа, орта және ұзақ мерзімді «Жол карталарын» әзірлеп, жүзеге асыру жоспарланған.