Республикамыз делегациясының Прага Гематология және қан құю институтына  (ÚHKT) сапары барысында заманалық Биобанктің ұйымдастырылуы Чехия тәжірибесінде үйренілді. Мұнда жергілікті науқастарды тексеру кезінде жиналған биологиялық сынамалар сақталады екен. Сондай-ақ жаһандық биобанк желісіне қосылу мүмкіндігі бар. Бұл науқастарды, ғылыми істер бойынша обырды және қан ауруларын емдеуде маңызды болған терең зерттеулер жүргізу мүмкіндігінің тиімділігін айтарлықтай кеңейтеді.

Ұлттық палата мамандары чехиялық әріптестерімен Өзбекстанда биобанк жүйесінің заманалық дәрежесін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, молекулярлық-генетикалық нақтама, келесі ұрпақ секвенциясы, биологиялық емдеу препараттары сияқты бағыттардың дамуы зерттелді.

«Соңғы жылдарда Өзбекстанда гематология саласында практикалық көмек және осы бағыттағы ең озық әлем тәжірибесін қолдануда ғылыми зерттеулердің дамуына тұрақты көңіл бөлінуде. Осыған орай, 2021 жылдың май айында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Халыққа гематологиялық және онкологиялық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» қаулысы қабылданды, —дейді Чехиядағы кездесу кезінде Ұлттық палата басшысы Ровшан Изамов.

 Президент Шавкат Мирзияев  2022 жылдың 17 июнь айында өз тапсырмасына орай жаңадан қайта ұйымдастырылған Балалар гематология, онкология және клиникалық иммунология орталығына барғаны атап өтілді. Қазір мұнда науқас балалар мен олардың ата-аналарына ерекше қолайлы жағдай жасалған. Июнь айында орталықта 101 бала емделсе, оларға 130 дәрігер, оның ішінде 38 ғылыми қызметкер, жүздеген медбике қызмет көрсетті. Биыл Орталықта қосымша медициналық қондырғылардың 14 түрі орнатылды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету айтарлықтай өсті. Мемлекет тарапынан 91 түрдегі онкометологиялық құрал-жабдықтар тегін берілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Орталық одан әрі кеңейтілетін болады. Жыл соңына дейін тағы 67 түрлі жабдықтар әкелініп, орнатылады. Мұнда нақтама қою мен емдеу стандарттары жаңартылды. Орталық қызметіне шетелдік ең жақсы кеңесшілер тартылған.

 Бұл ең үздік әлемдік тәжірибе мен Өзбекстан ғалымдары, тағы басқа елдердің ынтымақтастық байланыстары емдеу дәрежесінде бетбұрыс болатын мүмкіндік.  ÚHKT-да қанның онкологиялық ауруларын науқастардың өз жасушаларымен емдеу әдістері зерттелуде. Өткен жылдың октябрь айында Чехия ғалымдары мен БАҚ-тың хабарлауынша, ол үшін жаңа зерттеу павильоны ашылғанын, онда жасушаларға зерттеу жүргізетінін және ісікпен күресе алатын жасушалар өнріледі екен. Олар белгілі бір науқасқа дайындалып, инфузия түрінде беріледі.

Зерттеулердің көрсетуінше, жаңа әдістің бетінде белгілі бір антигені бар қатерлі ісіктердің үш түрін тиімді емдеуге болатынын және оларды жаңартылған жасушалар анықтай алатынын көрсетті. Құтқарушы жасушалар белгілі бір науқас үшін дайындалады. Оларды дайындауға бір ай уақыт кетеді. Бұл мамандандырылған медицина.

Осы зерттеулер арқылы болашақта «жалпы жасушалар» деп аталатын жасушаларды өндіру жоспарлануда. Ал мұндай жасушаларды науқасқа кешіктірмей өз уақытында беруге болады.

Осылайша, Чехия тәжірибесінің тиімділігі сонда, фундаменталды зерттеулер мен өндірістен бастап науқастарды емдеуде қолдануға дейінгі барлық үдерісті қамтитын көмек механизмі жасалған.

Қызметтік сапар барысында ÚHKT компаниясымен ынтымақтастықты дамыту және өзбекстандық науқастарды емдеуде Чехия тәжірибесін іс жүзінде қолдану мақсатында ынтымақтастық байланыстары орнатылды.

Өзбекстан Республикасы Инновациялық денсаулық сақтау ұлттық палатасы.