Мысыр Өзбекстанға С гепатитіне қарсы қолданылатын дәрілердің кезектегі бөлігін жіберді

    19 август Мысыр үкіметі елімізге гуманитарлық көмек ретінде бөлген С гепатитіне қарсы «Даклатасвир» дәрінің кезекті партиясы Ташкентке әкелінді.

    Бұл туралы “Дунё” АА хабарлайды.

    Бұл дәрі-дәрмек сенбі күні «Uzbekistan Airways» ұлттық әуе компаниясы арқылы Шарм аш-Шайхтан Ташкентке жеткізілді. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Вирусология ғылыми-зерттеу орталығында емделіп жатқан науқастарға жалпы 80 қорап 1280 дана «Даклатасвир-60 мг» дәрі-дәрмек таратылады.

    Осы тұста Мысыр гепатит «В» және «С» вирустарына қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айта кеткен жөн. Ресми мәлімет бойынша, Мысыр халқы бұл дерттен толық айыққан және мысырлық ғалымдар өз тәжірибелерін өзбек мамандармен бөлісуге дайын.

    Өзбекстан елшілігі Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйене отырып, үстіміздегі жылдың 5-8 сентябрь күндері Каирде өтетін «Тұрғындар, денсаулық және даму бойынша жаһандық конгресте» Өзбекстан Денсаулықты сақтау министрі Амиролло Иноятов қатысады деп күтілуде деп хабарлайды. Осы сапар аясында өзара ынтымақтастықты кеңейту болашақтары талқыланады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates