Мобильді телефондар жаңа пандемияға әкелуі мүмкін

    Денсаулық 16 Sentabr 2021 299

    Бүгін өмірімізді телефонсыз елестету қиын. Сүйікті гаджетіңізді күніне неше рет қолға алғаныңызды санап көрдіңіз бе?

    Осы тақырып бойынша арнайы бағдарлама көмегінде өткізілген зерттеу нәтижелеріне қарағанда, бір адам телефонды күніне орташа 110 рет құлыптан шығарады. Бұл сағатына 10 ретке тура келеді.

    Сіз телефоныңызды қаншалықты жиі-жиі дезинфекция жасайсыз немесе еш болмағанда сулы матамен тазалайсыз?

    Квинсленддегі (Австралия) Бонд университетінің ғалымдары тарапынан өткізілген зерттеулер нәтижесінде мобильді телефондар қауіпті патогендер — бактерия және вирустармен жиі-жиі залалданады, деп хабарлады Daily Mail. Сондықтан инфекцияның алдын алуда телефондарды да әрине қол сияқты дезинфекциялау қажет.

    Австралиялық зерттеушілердің пікірінше, мобильді телефондар болашақта жаңа пандемияның пайда болуына үлкен әсер көрсетуі мүмкін.

    Зерттеу шеңберінде университет молекулярлық биология кафедрасының доценті Лотти Тажури 165 медицина қызметінің мобильді қондырғысын сынақтан өткізді. “Біз тексерген ұялы телефондар бактерия, вирус, зең және паразиттермен де зақымданған”, — дейді доктор Тажури.

    Жұмысшылар арасында өткізілген сұрақтардың нәтижесінде, респонденттердің 98 пайызы мобильді телефондар инфекция жұқтыруға сенген. Сондай-ақ, зерттеулер барысында ғалым 52 пайыз пайдаланушы мобильді телефонды моншада да істететіні, 57 пайыз гаджеттерін ешқашан жумағаны анықталды.

    Ғалымдардың пікірінше, мобильді телефондарға “үшінші тұлға” ретінде қарауы және оларды тұрақты дизинфекциялау немесе жуу қажет.

    Тажури денсаулық сақтау ресмилерін жаңа эпидемия басталуынан алдын унивеститет зерттеулерлеріне назар аударуын сұрады.