Мәскеу және Нижний Новгород қалаларымен жаңа туристік бағыттар жолға қойылады

    Туризм 27 Aprel 2023 1057

    Мәдениет және туризм министрлігінде «ИННОПРОМ. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп форумы аясында Ресейдің Мәскеу және Нижний Новгород туристік басқармалары және көлік құралдарын шығаратын «Заманалық көлік технологиялары» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Кездесу барысында екі ел арасында туризм саласындағы ынтымақтастық байланысты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасылды.

    Екіжақты ынтымақтастықтың көздеген мақсаты – Өзбекстанның гастрономиялық туризм әлеуетін «Заманалық көлік технологиялары» компаниясымен әзірлеген туристік көліктерде «Гастрономиялық Керуен» бағдарламасы негізінде Ресейдің барлық аймақтарында кеңінен насихаттау үшін мүмкіндіктерін жолға қою.

    Сондай-ақ, Мәскеу және Нижний Новгород қалаларымен біріккен туристік бағдарламаларды әзірлеу және қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасылды.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша «Заманалық көлік технологиялары» компаниясы шығарған туристік класстағы автокөліктерді елімізде жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті шарттармен жеткізу бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін, ағымдағы жылдың 24-26 апрель күндері Ташкент қаласында «ИННОПРОМ. Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп форумы өтті. Үшінші рет ұйымдастырылған шараға ТМД елдері, Франциядан, Италиядан, Нидерландиядан, Үндістаннан, Сингапурдан, Қытайдан, Жапониядан, Армениядан, Қазақстаннан, Түркиядан және Түркіменстаннан 5 мыңнан астам делегат, сондай-ақ 300-ден астам шетелдік компаниялар, бизнес өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысу үшін тіркелген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates