Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың жағдайы қандай?

    Ел назарында 15 Dekabr 2022 1959

    Ағымдағы жылдың 15 декабрінде Сенаттың Ақпараттық саясат және мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитетінің кезекті мәжілісі өтті.

    Оған сенаторлар, комитет сарапшылары, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапты қызметкерлері, қоғамдық және БАҚ өкілдері қатысты.

    Мәжілісте «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның орындалу жағдайы, заңдылықтағы олқылықтар мен іс жүзіндегі проблемалар талқыланды.

    Белгілі болғандай, салаға қатысты нормативтік-құқықтық құжат жетілдіріліп, интеллектуалды меншікті қорғауды күшейтуге бағытталған Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 апрельдегі «Интеллектуалдық меншік саласын одан әрі дамытуға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» ПҚ-221-санды қаулысы қабылданды.

    2019-2022 жылдары Әділет министрлігі авторлардың және сабақтас құқықтардың бұзылуына қатысты экономикалық соттарда 136, әкімшілік соттарда 65, азаматтық істер бойынша соттарда 21, қылмыстық істер бойынша 2-уі іс қаралған және соттар тарапынан тиісті қаулылар қабылданған. Сот қаулыларына сәйкес, 216 адамнан 297 миллион сум көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.

    Бұл ретте мәжіліс қатысушылары авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудағы жүйелі проблемалар мен нақты кемшіліктерге назар аударды.

    Атап айтқанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын қолдану қажетті деңгейде еместігі, контрафактілік өніммен тиімді қарсы күресу, Интернет желісіндегі «uz» доменінде қызмет жүргізіп жатқан веб-сайттар авторлық құқықтың сақталуын қадағалауды мониторинг жасау жұмыстарында салғырттыққа жол берілгені айтылды.

    Сонымен қатар, жауапты министрліктер мен кеңселердің авторлық құқығы бұзылған тұлғалардан өтініш түскенге дейін олардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қолданбайтыны да тоқталды.

    Атап айтқанда, кейбір баспалар, Интернет әлемдік ақпарат желілеріндегі веб-сайттар, әлеуметтік желілер, тағы басқа да пайдаланушылар шығарма авторларының (мұрагерлердің) рұқсатынсыз олар шығармалардан ашық пайдаланып жатқаны, бұл жағдайларды бақылау шараларының дұрыс жүргізілмей жатқаны байқалуда.

    Интеллектуалдық меншік саласын қорғау және авторлық құқыққа қатысты халықаралық келісімдердің ережелері мен нормаларын ұлттық заңдылыққа имплементациялау жөніндегі істер дұрыс жолға қойылмаған. Салада жұмыс істейтін авторлардың құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі жүйелі түрде ұйымдастырылмаған.

    Өз кезегінде, сенаторлар тарапынан тиісті министрліктер мен кеңеслерге саладағы заңдылықты жетілдіруде, авторларға өз құқықтарын кеңінен түсінуге көмектесуде, насихаттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуде және құқықбұзушылық фактілерін анықтауда бастамашылықты арттыру бойынша тиісті тиісті міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.

    Мәжіліс соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates