баннер
28 Mar 2025
18:32

    My.gov.uz порталы арқылы 25 түрдегі электронды медициналық қызметтерді пайдалануға болады

    Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталынан (my.gov.uz) тұрғындар мен кәсіпкерлерге арналған 25 түрдегі электронды медициналық қызмет те орын алған.

    Бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ пайдалануға болады. Сізге тек Интернетке қосылған құрылғы болса болғаны.

    Олар мыналардан тұрады:

    COVID-19-ға қарсы вакцинацияға жазылу және жағдайын тексеру

    Медициналық ұйымдарды аккредитациялау

    Дене салмағы мен салмақ калькуляторы

    Балаларды вакцинациялау кестесі

    40 жастан кейінгі жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін бағалау номограммасы

    Отбасылық медициналық пункттері, отбасылық емханаларда және көп көпсалалы орталық емханаларда мемлекет тарапынан тегін беретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдары туралы ақпарат

    Тұрғындарды профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламалардан өткізу күнтізбесі

    Салауатты өмір салтын қолдап-қуаттау үшін денсаулық көрсеткіштері туралы мәлімет алу

    Азаматқа бекітілген жанұялық аурухананың дәрігері туралы мәліметтермен танысу

    Медициналық мекемелерде емделуге берілген жеңілдетілген жолдаманың тексеру

    Дәрігердің қабылдауына жазылу

    Әлеуметтік демалыстарға (жүктілік және бала күтімі бойынша, бала күтімі бойынша демалыстарға) шығуды ресімдеу

    Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын және басқа да медициналық ақпаратты алу

    Профилактикалық екпе алу жағдайын тексеру

    Қантты диабеті скринингін алу

    Антропометриялық скринингті алу

    Фтизиатриялық аурулардың есебінде тұру немесе тұрмау туралы ақпарат алу

    Психикалық аурулар диспансерінің есепте тұрғаны немесе тұрмайтыны туралы анықтама алу (жеңілдетілген тәртіпте)

    Наркологиялық диспансерде есепте тұрғаны немесе жоқтығы туралы анықтама алу (жеңілдетілген тәртіпте)

    Медицина және фармацевтика қызметкерлерін аттестациялау және оларға біліктілік санаттарын беру.

    Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге берілген бұрынғы аттестациядан өткендігі туралы сертификатты тексеру және жүктеу

    Медициналық анықтамаларды алу (083/х формадағы)

    Жүрек-қан тамыры ауруларының скрининг нәтижелерін алу

    Ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілердің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шарттарын сақтауы туралы ақпаратпен танысу

    Қан анализінің нәтижелерін тексеру.

    Тиісінше жеке және заңды тұлғаларға арналған осы қызметтер my.gov.uz порталының «Денсаулық сақтау бөліміне» орналасқан.

    Оларды пайдалану үшін өтініш беруші порталда тіркелуі және/немесе авторизациясынан өтуі және сұрау салуы талап етіледі. Өтініштер автоматты түрде қаралады және ақпараттар электронды форматта беріледі.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech