«NBA ALLIANZ» ЖШС тарапынан жүзеге асырған жобаның құны 13 миллион долларды құрайды, соның 5,5 миллион доллары тікелей шетелдік инвестиция. Импорт жасалатын өнімдерді өндіру жергіліктендіру бағдарламаға енгізілген бұл жоба жылына экспортқа бағытталған 30 мың тонна түрлі картон шығаруға арналған. Жалпы экспорт көлемі 5 миллион долларды құрайды.
Жобаны іске қосу нәтижесінде 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын 2023 жылдың бірінші тоқсанында өз қызметін кеңейтіп, 70 жаңа жұмыс орнын ашады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.