Бұл кездесу Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болашақтары мен келешекте көлік-жүк тасымалы жобаларын жүзеге асыруды талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақтарға Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының қызметі мен міндеттері, сондай-ақ еліміздегі кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бизнес-ортаны жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы мәліметтер берілді.
Өз кезегінде, шетелдік қонақтар «National Logistics Corporation» компаниясы туралы тұсаукесер жасап, компанияның қызметі мен артықшылықтары туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ компанияның Өзбекстан Республикасында өкілеттігін ашу ниеттерін білдірді, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.