Жиналыста жеңіл өнеркәсіп және былғары өнеркәсібі кәсіпорындарында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғаудың жағдайы туралы Министрлер Кабинетіне жіберілген парламенттік сұрау нәтижелері талқыланды.

Талқылау үдерісіне сенаторлар, комитет сарапшылары, жергілікті Кеңестердің Жастар саясаты әйелдер мен гендерлік теңдік мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының төрағалары, министрліктер мен кеңселердің жауаптылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Айтылғанындай,  «Өзбекстан Республикасының Жанұя кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес, некені тіркеудің бір айлық мерзімі мен оны қысқарту үшін негіз болатын жағдайлар жойылады.

Некелесетін тұлғалар мәжбүрлі медициналық тексеруден өткен соң некені ресімдеу тәртібін белгілеу көзделуде.

Жиналыста  “Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 2061-бабына өзгерту енгізу туралы”  Заң да талқыланды.

Осы екі заңға енгізіліп жатқан өзгертулер бойынша қатысушылар өздерінің пікір-ұсыныстарын білдірді

Жиналыста жеңіл өнеркәсіп және былғары өнеркәсібі кәсіпорындарында әйелдердің еңбек құқықтарын қорғаудыңжағдайы бойынша Үкіметке жіберілген парламенттік сұраудың нәтижелері сала мамандарының қатысуымен қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.