Қаулыға сәйкес, 2025 жылдың 1 марттан бастап тәжірибе-сынақ ретінде сатылай Қарақалпақстан Республикасы, Әндіжан, Қашқадария, Самарқант, Сұрхандария және Ташкент облыстары және Ташкент облыстары сондай-ақ Ташкент қаласында, 2025 жылдың 1 октябріне дейін республиканың қалған аумақтарында 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде күндізгі күтім қызметі жолға қойылады.
Мұнда мүгедек балалар күндізгі күтім қызметіне олардың ата-аналары мен «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында жасалған әлеуметтік келісімшарт негізінде және Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның белгіленген тәртіпте берген қорытындысына сәйкес қабылданады.
2025 жылдың 1 мартынан бастап күндізгі күтім қызметіне қатысты қызметпен айналысатын кәсіпкерлерді қолдаудың келесі тәртібі енгізіледі:
күндізгі күтімнің қызметінен пайдалану бір күн үшін 3 жастан 7 жасқа дейінгі әрбір балаға базалық есептеу мөлшерінің 25 пайызы және 7 жастан 18 жасқа дейінгі әрбір балаға 27 пайыз мөлшерде субсидия бөлінеді;
Бұл ретте, облыс орталықтары, Ташкент және Нөкіс қалалары үшін субсидия мөлшері 1,1 көбейткіш коэффициентін қолдану арқылы анықталады.
Аз қамтылған отбасылар реестрге енгізілген отбасылардың әрбір мүгедек баласына жоғарыда көрсетілген субсидиялардың жалпы мөлшерінің 30 пайызы мөлшерінде қосымша қаржы төленеді.