Мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының ІІІ Республикалық жәрмеңкесі өтті

    Ташкент қаласының Мырза Ұлықбек ауданындағы «ЭКОБОЗОР» сауда үйінде мүгедек жандардың жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.

    «Біз біргеміз!» атты ұранымен үшінші рет өткізілген бұлжәрмеңке Әділет министрлігі мен Мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен өтті.

    «Біз біргеміз!» әлеуметтік жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірден өз орнын табуға көмектесу, оларды қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде ынталандыру және кәсіби әлеуетін жүзеге асыру.

    Жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі тұлға өз өнімдерімен қатысты.

    Олар негізінен кесте тігу, ағаш ұстасы, зергерлік, тігіншілік, кондитерлік бұйымдар сияқты халық қолөнерінен жасалған бұйымдарды халық назарына ұсынды. Жәрмеңке барысында сатып алушылар жалпы сомасы 500 миллион сумдық өнім сатып алды.

    Шара барысында Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызметтер көрсету агенттігі, Интеллектуалдық мүлік агенттігі, АХАТ органдары, нотариустар, адвокаттар және «Мадад» беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдарының қызметкерлері тұрғындарға жылжымалы тегін заңгерлік қызмет көрсетіп, кеңестер берді.

    Сондай-ақ мүгедек жандарды кәсіпке дайындау, оларға лайықты қолайлылықтар жасауды қолдап-қуаттау мақсатында Мүгедектер қоғамының «Кәсіпкер әйел» ұйымымен, «Қолөнершілер» ұйымымен, «Ватанпарвар» ұйымымен, «Психологтар ассоциациясымен» ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

    Әлеуметтік жоба қайырымдылық шараларына жалғасты. Жәрмеңкеге қатысушылар үшін Ташкент облысының Бостандық ауданында ойын-сауық және спорттық шаралар өткізілді. Олар үшін психологтар тегін медициналық тексерулер мен қызықты тренингтер ұйымдастырды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates