Отбасы және әйелдер мәселесінде онлайн семинар ұйымдастырылды

    Ел назарында 29 Mart 2022 2167

    Кеше “Zoom” платформасы арқылы Отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің орталық аппараты мен аумақтық басқармалары құрамы, аудан (қала) әкімінің орынбасарлары – отбасы және әйелдер бөлім басшылары үшін онлайн семинар ұйымдастырылды.

    Президент Әкімшілігі, Олий Мажлисі Сенаты, Президент құзырындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі, Мемлекеттік басқару академиясы, Отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің ынтымақтастығындағы шара Комитет қызметін дамыту, жүйеде істі дұрыс және нәтижелі ұйымдастыру, жер-жерлерде әйелдер саласындағы проблемаларды шешу және оларды жан-жақты қолдап-қуаттау бойынша тағайындалған жауапты қызметкерлердің дағдысы мен біліктілігін арттыруға бағытталған.

    Оған Президент кеңесшісінің бірінші орынбасары Қ.Қуранбаев, Олий Мажлис Сенаты Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің төрайымы М.Кадирханова, Премьер-министрдің орынбасары – Отбасы және әйелдер мемлекеттік комитетінің төрайымы З.Махкамова, Мемлекеттік қызмет дамыту агенттігі директорының бірінші орынбасары О.Хасанов, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.Бекмуродов және БАҚ өкілдері қатысты.

    Ең алдымен семинарға қатысушы қыз-келіншектерді жауапты қызметтерде еңбек жолын бастауларымен құттықтады. Содан соң Президентіміздің 2022 жылғы 1 мартындағы «Отбасымен және әйелдермен істеу, махалла және ардагерлерді қолдап-қуаттау жүйесін жетілдіру іс-шаралары туралы » Жарлығында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда қажет болған мәселелер жайлы айтылды.

    Өз кезегінде, М.Кадирханова шарада баяндама жасап, елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер құқығын қорғау мәселелеріне тоқталды.

    — Өзбекстанда 2030 жылға дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясы қаулыларын қабылдау мен орындалудың барлық салаларында және деңгейлерінде әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік қағидатын енгізуге кең көлемді жанасулар көзделген, — дейді Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің төрайымы Малика Кадирханова. – Сондай-ақ Стратегия ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын, мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, адамның фундаменталды құқықтарына мойынсұну мақсатында экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірде гендерлік теңдікті насихаттауды қамтамасыз етуге қызмет етеді.

    Сонымен қатар, соңғы жылдары гендерлік теңдік мәселесі мемлекеттік саяси деңгейге көтеріліп, осы салаға қатысты 40-қа жуық заңдылық құжаттардың қабылданғаны, Өзбекстан тарихында тұңғыш рет ұлттық парламентте әйелдердің саны БҰҰ тарапынан белгіленген ұсыныстарға сай дәрежеге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемдегі озық елдің қатарында 50- орынды иелегені айтылды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates