Бүгін сапар аясында спикер Н.Исмаилов Әзербайжан Республикасының Президенті Илхом Алиевпен кездесті. Әзербайжанның тарихи, тілі мен мәдениеті жақын екенімен байланысы бар бауырлас Өзбекстанмен ынтымақтастық жасауға мүдделі екені атап өтілді.
Кездесуде екіжақты көпқырлы қарым-қатынастардың даму серпіні жоғары бағаланып, екіжақты сауда көлемін арттыруға кең мүмкіндіктер бар екені айтылды.
Шынайы өткен диалог барысында Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы көпжақты қарым-қатынастарды дәйекті түрде дамыту, парламентаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару жөнінде пікір алысылды.
Кездесуде Спикер Н.Исмаилов Әзербайжан Президенті И.Алиевке 28 май – Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың жолдаған құттықтау хатын тапсырды.
Сындарлы рухта өткен кездесуде екі тарапты да қызықтыратын басқа да мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.