Шавкат Мирзиёев ЕҚҚДБ президентін қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 1 мамыр күні Ташкент халықаралық инвестициялық форумы мен Шетелдік инвесторлар кеңесінің үшінші отырысы қарсаңында Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо бастаған делегацияны қабылдады.