Диалог барысында мемлекетаралық тікелей әуе қатынауын жолға қою, карго жүк тасымалдауды жүзеге асыру, заманалық әуе қызметтер саласында тәжірибе алмасу сынды мәселелер талқыланды.
Бадр Мухаммад Ал-Мийр Өзбекстан мен Қатар арасындағы екіжақты достық қарым-қатынастардың жедел дамып келе жатқанын айтып, бұл байланыстарды қалыптастыруда елдерді байланыстыратын әуе қатынауларын жолға қоюдың маңыздылығына назар аударды.
«Жоспарларымыз бен үміттеріміз үлкен. «Алғашында аптасына 4 рет, кейінірек күнделікті әуе қатынауды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — деді ол.
Сонымен қатар, тікелей әуе қатынауы арқылы өзара туристер ағыны мен екіжақты сауда көлемін де арта түсетіні баса айтылды.
Кездесу соңында тараптар ағымдағы жылдың 2 июнінде Доха-Ташкент-Доха әуе рейсінің салтанатты түрде ашылу рәсімін өткізуге келісіп алды, деп хабарлайды «Дунё».