Мұғалімдерді «Бастамалық бюджет» жобасында дауыс жинауы үшін мәжбүрлеп жатыр ма?

    Білім 24 Mart 2023 2146

    Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрі «Бастамалық бюджет» жобасы тек бастамашылдыққа негізделгенін және мұнда ешкімді мәжбүрлеуге жол берілмейтінін айтты.

    2021 жылы тәжірибе ретінде басталған «Бастамалық бюджет» жобасы өткен 2 жыл ішінде халқымыз тарапынан алғаш қабылданғаны белгілі. Бүгінде жерлестеріміз өз аумақтарындағы шешімін күткен бірқатар мәселелерді “Open budget” порталына жариялап, барынша көп дауыс жинау арқылы осы бастамада жеңімпаз болу үшін әрекет етуде.

    Бұл порталда жарияланған әлеуметтік жобалардың ішінде мектепке дейінгі және метепте білім беру мекемелерінің жөндеу жұмыстары да жетекшілік етеді. Әрине, бұл үдерісте ұстаздар да, оқушылар да, тіпті ата-аналар да бастамалық көрсетіп, өздері жұмыс істейтін, оқитын немесе балалары оқитын оқу орнын абаттандыру үшін дауыс беруде жеке бастамашылдық көрсетуде.

    Алайда, әлеуметтік тармақтар арқылы жер-жерлерде кейбір оқытушыларға осы жобада дауыс жинау үшін мәжбүри тапсырмалар беріліп жатқаны, тапсырманы орындауға атүсті қараған мұғалімдерге шара қолданамыз деп қорқытып жатқаны туралы ақпараттар Мектепке дейінгі және мектепте білім беру министрлігі тарапынан мұқият тексерілуде.

    Қазіргі уақытта «Министрге жолдау» порталына мұғалімдерден аталған мазмұндағы өтініштер түспегенін хабарлаймыз.

    Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 14 августағы тиісті қаулысына сәйкес, халық білім беру қызметкерлерін қызметтік міндеттемеге қатысы жоқ жұмысқа тартуға тыйым салынған.

    «Құрметті педагогтар, мектепке дейінгі және мектепте білім беру ұйымдарының қызметкерлері!

    Егер сіздің білім беру орныныңызда осы жоба аясында мұғалімдерді мәжбүрлеп дауыс беруге тарту жағдайлары орын алса, Министрліктің сенім телефонына (71-202-09-09) хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінішіңіз негізінде осы бағытта заң бұзушылық анықталса, тиісті жауапты тұлғаларға қажетті шаралар қолданылады», - деді министр.