Арал теңізінің түбіне отырғызылған сексеуілдер ғарыштан да көріне бастады. Бұл туралы климатолог Эркинн Абдулахадов хабарлады.
Айтуынша, тек шаңды (құмды) дауылдардың жиілігі ғана емес, кіріп келе жатқан ылғалды ауа ағымынан Арал айналасына жауын-шашынның жаууы басқа аймақтармен салыстырғанда артқан. Бұл ауа айналымының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар жер бетіндегі фитомассаның өзгеруіне де байланысты болуы мүмкін.
«Аталмыш жоба республика бойлап кең көлемде жалғастырылуы өте қажет», - дейді Эркин Абдулахадов.
Мәлімет ретінде, Арал теңізінің суы тартылған аймағында 1,7 миллион гектар жерге шөл өсімдіктерінің тұқымдары мен көшеттері егіліп, «жасыл жамылғылар» пайда болды.