Жарыс автокөліктер, багги және мотожарысы бойынша кәсіпқой спортшылар арасында ұйымдастырылып, оған жалпы 8 елден 150-ден астам қатысушы қатысты.
Негізгі жарыстар Арал теңізінің құрғаған түбінде – Үстірт жазығында ұйымдастырылып, онда спортшылар бар өнерлерін көрсетіп, 100 миллион сумдық жүлде үшін сайысқа түсті.
Қорытындыда двигатель көлемі 1600 см3 жеңіл көліктерде бақ сынағандар арасынан Ташкент қаласының өкілдері 1-орынды жеңіп алса, 2-орын Жызақ, 3-орын Қашқадария спортшыларына бұйырды.
Двигатель көлемі 2000 см3 болған арнайы жабдықталған спорттық көліктерде өткен жарыстарда астаналықтар теңдессіз екенін дәлелдеді. 2-орынға әндіжандық әке-бала спортшылар, 3-орынға самарқандтық спортшылар жеңіп, марапатталды.
Айту орынды шара барысында шетел мен жергілікті БАҚ-нда кеңінен насихаттау мақсатында Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан журналистер мен блогерлер қатысуында прлесс-тур ұйымдастырылды, деп хабарлайды Мәдениет және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.