Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лицюнмен кездесу өтті

    Үстіміздегі жылдың 9 мартында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзинь Лисюн басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Кездесуде қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша атқарылып жатқан іс-әрекеттер, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы мен АИИБ арасындағы қаржылық және техникалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

    Банк басшылығы Өзбекстанда жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаларды жоғары бағалады және АИИБ Өзбекстанмен ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екеніне сендірді. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасында Банк қаржысы есебінен жобаларды қаржыландыру көлемі тұрақты түрде өсіп келе жатқаны атап өтілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар “Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Азия инврақұрылымдық и невестициялар бнкі арасындағы Біріккен декларацияға” қол қойды, онда Өзбекстан мен АИИБ арасында 2023-2026 жылдар үшін үш жылдық ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді көздейді. Бағдарлама энергетика, инфрақұрылымдық даму, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қолдап-қуаттау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтиды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates