11 жастағы оқушы осы уақытқа дейін жалпы 853 кітап оқыған. Бұл – қала мектептері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.
Мектеп кітапханасының меңгерушісі Шапира Сарсембекованың айтуынша, Алтынай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін оқиды, сондай-ақ француз тіліндегі кітаптарды да тұрақты түрде оқып жүр.
Ол мектеп кітапханасындағы барлық кітаптарды толық оқып шыққан. Үйінде де жеке үлкен кітапханасы бар. Ата-анасының қолдауымен Англиядан кітаптарға тапсырыс береді.
Мамандардың пікірінше, мұндай жетістік баланың ойлау қабілетін, тілдік дағдыларын және оқу үлгерімін арттырады. Алтынайдың жетістігі жас оқырмандарға үлгі бола алады, деп хабарлайды oz.inform.kz.