Тәуелсіздік күні жақындап қалды, Hudud24.uz мерекеде қанша күн демалыс болатынын, қызметкерлердің жалақысы қашан төленуі керек деген заңды сұрақтарға жауап береді.
- Тәуелсіздік күніне қанша күн демалыс беріледі?
Тәуелсіздік күні қарсаңында барлық қызметкерлер 3 күн демалады, атап айтқанда:
- 1 сентябрь (жұма) – Тәуелсіздік мереке күні (Еңбек кодексінің 208-бабына орай жұмыс істемейтін мереке);
- 2 сентябрь (сенбі) – демалыс күні (Президенттің Жарлығына орай 6 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін қосымша демалыс күні, басқа күнге көшірілмеген);
- 3 сентябрь (жексенбі) – демалыс күні (Еңбек кодексінің 208-бабына сәйкес жалпы демалыс күні).
- Жалақы мерекеден кейін беріледі ме?
Жалақы (еңбекақы) төленетін күн демалыс күніне немесе жұмыс істемейтін мереке күніне дұрыс келген кезде, жалақы сол күндер қарсаңында төленеді, яғни 1 сентябрьге дейін төленуі тиіс.
Жалақы алу мерзімі кешіктірілсе, кешіктірілген әрбір күн үшін Орталық банктің қайта қаржыландыру ставкасының 10% мөлшерінде өтемақы төленуі тиіс.
Орталық банктің мөлшерлемесі 14 пайыз, сондықтан осыған орай жалақыға 1,4 пайыз өтемақы берілуі қажет.
- Мереке алдындағы күні қызметкерлер жұмыстан кемінде 1 сағат бұрын кетуі мүмкін.
Жұмыс істемейтін мереке күндері қарсаңында әрбір күндік жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы кемінде бір сағатқа қысқартылады.
Егер жұмысты қысқарту мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдарда және кейбір түрдегі жұмыста) артық жұмыс істегені үшінқ қызметкерге қосымша демалыс уақыты беріледі немесе сол уақыт үшін 2 есе ақы төленеді.