Президент ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті

    Билік 13 Oktabr 2021 4555

    Өзбекстан Президенті Науаи облысына жасаған сапары барысында, «Фарход» мәдениет сарайында облыстың ұлттық мәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті.

    - Өздеріңіз білетіндей, елімізде келісім мен татулықты нығайтуға ерекше назар аударудамыз. Нәтижесінде сіздің өміріңізде не өзгерді? Қандай проблемалар бар, қандай ұсыныстар бар? Осы жайында сізбен жақыннан сөйлесуге келдім», - деді Президент.

    Көп ұлтты Науаи облысы - халықтар достығы мен өзара түсіністігінің жарқын көрінісі. Өзбек, қазақ, қарақалпақ, тәжік, орыс, корей және басқа да көптеген ұлттардың өкілдері бір отбасы болып өмір сүріп, еліміздің дамуына лайықты үлес қосуда. Облыста 8 ұлттық мәдени орталық бар. Ал, мектепте оқу дәстүрі 7 тілде жолға қойылған.

    Кездесуге қатысқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері оқуға, жұмыс істеуге және мәдениетін сақтауға кең ауқымды жағдай жасалғанын атап өтті. Олар өздерінің және балаларының қол жеткізген табыстары туралы айтты. Мәдени орталықтар үшін арнайы ғимарат бөлініп, 30 шілде Өзбекстанда Халықтар достығы күні болып белгіленгені сөз болды.

    - Бүгін сайлаушылармен кездесуде мен келесі жылы бұл мерекені Науаи облысында үлкен салтанатпен атап өтуді ұсындым. Біз сондай-ақ 2022 жылы көп ұлтты халқымыздың бірлігінің белгісі ретінде Науаи қаласында Достық саябағын салуды жоспарлап отырмыз, деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы Өзбекстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыстар арасында өзара сыйластық пен ынтымақтастық қарым-қатнасын нығайтуға, түрлі діни конфессияларға қажетті жағдай жасауға бағытталған саясат дәйекті түрде жүргізілетінін атап өтті.

    Осымен Мемлекет басшысының Науаи облысына жасаған сапары аяқталып, Президент Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates