Кездесуде өзбек-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылып, оны одан әрі кеңейту бойынша болашағы зор ұсыныстар талқыланды.

Гидроэнергетика, автомобильжжасау  және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы біріккен жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ сұранысы жоғары өнімнің кейбір түрлерін жеткізіп беруді ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Екі елдің аумақтарында өзара байланысты қосымша құн тізбегін құру мақсатында өзбек және қырғыз кәсіпкерлерін біріккен өнеркәсіптік кооперациясы жобаларын жүзеге асыруға тарту бойынша дәйекті жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Біріккен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, соның ішінде “Өзбекстан — Қырғызстан — Қытай” теміржолын салуды, сондай-ақ “Ош-Иркештам” автомобиль жолының  кейбір бөліктерін жөндеу бойынша кезектегі шаралар талқыланды.

Екі елдің кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту және олардың арасында жедел ақпарат алмасуды жолға қою бойынша сындарлы ұсыныстар ортаға салынды. Осыған орай, Өзбекстан-Қырғызстан шекарасындағы жекеленген бақылау пункттерінің жұмысын қалпына келтіру мүмкіндігі мен шекаралық сауда-логистикалық орталықтарды салу үшін қажетті жағдайлар қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар талқыланған жобалар мен бастамаларды алға тарту және іс жүзіне асыру бойынша алдағы іс-әрекеттер белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.