Сондай-ақ, шараға ішкі істер органдары жүйесінде істеп жүрген 200 қыз-келіншек қатысты. Қатысушылар форум аясында Жазушылар аллеясында болып, адалдық рәмізі Зулфияханым мүсініне гүл шоқтарын қойды.
Бұдан тыс, форум барысында «Үш ұрпақтың кездесуі» өткізіліп, онда ішкі істер министрінің кеңесшісі генерал-полковник З.Алматов осы саланың қаншалықты абыройлы екенін, сонымен бірге өзіне жараса қиындықтары бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ішкі істер органдарында қызмет ететін 52 әйелге материалдық көмек беру мақсатында пайызсыз несие алу үшін сертификаттар және форумға қатысқан Қорғаныс, Әділет министрліктері, Ұлттық гвардия мен Кеден комитетінде қызмет ететін әйелдерге Ішкі істер министрінің естелік сыйлықтары табыс етілді.
Шара соңында қатысушыларға мәдени демалу үшін Муқими атындағы Өзбекстан мемлекеттік музыкалық театрында «Айёргина аёлим» атты спектаклі қойылды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.